Жадыра Байбұланова – ақын. 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Педагогика және психология», «Журналистика» мамандықтары бойынша, сонымен қатар, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.  Қазіргі таңда «Хабар» арнасында анонс және бағдарламааралық қамтамасыз ету бөлімінің редакторы болып қызмет атқарады.  2014 ж. Өткен халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің 3-орын иегері. 2016 ж. Ж. Тәшенов жүлдесіне арналған «Жылдың үздік ақыны» облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанып, «Қағаз жүрек» атты жыр жинағы жарық көрді.  Сол жылғы облыстық «Дүниеге келер әлі талай Қасым» жыр бәйгесінің бас жүлдегері. Өлеңдері түрік, әзербайжан, испан және басқа да тілдерге аударылып, сол елдегі қазақ ақындарының антологияларына енді.  20-дан асқан шағында қатерлі дертті жеңген ақын қыздың сөзіне жазылған «Мен сені сүйем, Өмір!» әні  көршілес қырғыз тіліне аударылып, сол елде еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа айтатын туындыға айналды.