АҚШ-та ғылыми тағылымдама өтіп келген соң, Жайлагүл Сағындықова Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасындағы жұмысын жалғастырды. Сол жылы Көкшетау қаласында басты міндеті қала тұрғындарын жаһандық көзқарас пен алынған дағдыны жергілікті жерде қолдана білуге үйрету болып табылатын I-Bridge тіл мектебін ашты. Оның алғашқы студенттері ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, әлемнің үздік ЖОО-ларында білім алуды мақсат еткен еді. Бүгінде оның оқушылары АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Малайзия және Венгрияда білім алып жүр.

Оның бастамаларының бірі ауылдық жерде лингвистикалық жазғы мектеп ашу болатын, онысын «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Родина аулының әкімі Белла Газдиева да қолдады. Осы жылы «Болашақ» түлектері және «Жас Отанмен» бірге Целионград ауданының Родина ауылында «You can STEAM it» жазғы мектебі үшінші рет өтті. Аймақты дамыту қала тұрғындарына ағылшын тілінде рухани және тарихи білім беруді дәріптеумен қатар жүреді. Жайлагүл жыл сайын студенттерімен бірге Ақмола тарихи мұражайында «Мұражай күнін» өткізеді. Көкшетаулықтарды мұражайдың көрме залдарымен танысуға шақырып, ағылшын тілінде көрмелер өткізеді.  2017 жылы EXPO-2017-де 10 күн бойы студенттері мен практиканттарын жұмылдыра отырып этноауылда гид-экскурсия жетекшісі ретінде  Ақмола облысын таныстырды.

2016 жылы «Үздік ЖОО оқытушысы» болып Кембридж университеті және Босстон колледжінде оқып келді. Ол өзі ғана дамып қоймай, мектеп қызметкерлеріне де менеджерлер мен көшбасшылардың заманауи дағдыларын үйрену мақсатында АҚШ, Германия елдерінде, Астана, Алматы қалаларында оқуға жағдай жасайды. Оның оқушылары  арасында DAAD, «Болашақ», «Stipendium Hungaricum»және тағы басқа байқаулардың жеңімпаздары бар.