Жанар Темірбекова – Еуразия технологиялық университетінің ректоры

Жанар Амангелдіқызы 2000 жылы Түркияның  алдыңғы қатарлы Хаджетепе университетінің инженерлік факультетін тамақ өнеркәсібі инженер-технологы мамандығы бойынша бітіріп, әрі қарай  MBA (Іскерлік әкімшілеу магистрі) бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырған. Түрік университетінде өткен жылдары мен академиялық отбасыда тәрбиеленгені оның ғылыми-зерттеу жобаларға белсенді қатысуына ықпал етті. Кандидаттық диссертацияға қатысты жұмысын ол Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеулер жөніндегі Кеңесінің (TÜBİTAK) жас шетелдік зерттеушілерге арналған грантын жеңіп алып халықаралық ғылыми-зерттеу жобасының аясында орындаған. Қырғызстан, Түркия, Пәкістан, Ресей және Украиналық әріптестермен бірлесіп орындаған бұл жобаның нәтижелерінен батыс оқулықтары мен ғылыми жұмыстарында кеңінен дәйексөз келтіріледі, сондай-ақ оларды америкалық баспахана АҚШ Конгрессінің кітапхана каталогында библиографиялық жазуы бар ұжымдық монографияда жариялаған.

Трансформациялық көшбасшылық пен қазақстандықтардың экономикалық менталдылығын зерттеу бойынша жұмыстар циклі үшін Ж.А. Темірбекова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының сыйлығымен марапатталған. Ж.А. Темірбекова табысты ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ талантты басшы және ғылымды ұйымдастырушы болып табылады. 2013-2016 жылдар аралығында ол С.Демирел атындағы университеттің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасын басқарған, сол уақыт ішінде кафедра тамаша нәтижелер көрсетті – бакалаврлар дайындау деңгейі бойынша еліміздің ЖОО-лары рейтингінде 3-орын алды, барлық мамандықтар мемлекеттік аттестация мен мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті, 2 жас ғалым философия докторы ғылыми дәрежесін ізденуге докторлық диссертациясын табысты қорғады.   Сонымен қатар кафедра түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі жоғарылады. 2017 жылдың тамызында Еуразия технологиялық университетінің ректоры болып тағайындалды.

«Уақыт еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар дайындауға жаңа талаптар қояды. Ғылым мен білімде алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды тарата отырып, біз мәдениетіміздің үздік дәстүрлері  мен жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйенуіміз керек. Мен тура осы синтездің біздің түлектерімізді глобалдық масштабта бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз ететініне сенемін»,-дейді ол.

Жанар Темірбекова 2007 жылдан бері International Leadership Association ILA (АҚШ) мүшесі; 2013 жылғы «Үздік ЖОО оқытушысы»; 2014 жылдан бері African Journal оf Business and Management және Gaziantep University Journal of Social Sciences халықаралық академиялық журналдарда рефери; дәйексөз алу индексі 152, Хирш индексі 4, ондық дәйексөз алу индексі 2, сондай-ақ орыс, қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде еркін сөйлейді.