Жандос Әскербекұлы – әндері қазақ даласында шырқалып жүрген, талантты сазгер.  

Жондос Әскербекұлын сазгер ретінде елге танымал еткен «Ақ тілегім еліме» әндер жинағы. Аталмыш жинақта 55 ән топтастырылып, әнсүйер қауымға 2011 жылы ұсынылды.Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен облыс аудандарының елді-мекендерінде «Аrt-Керуен» мәдени-ағарту жобасы бойынша шығармашылық жұмыстарға белсене араласты. 2012 жылдың наурыз айынан Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі және әншісі болып қызмет етіп келеді. 2007 жылы «Бауырларым» атты шығармашылық есеп беру кешін өткізіп, SD жинағын шығарған. 2010 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Ақ тілегім еліме» шығармашылық есеп беру кешін өткізген. 

Жетістіктері:

1996 жылғы Тараз қаласында өткен облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауының лауреаты ;

2002 жылғы Оңтүстік Қазақстанда өткен Республикалық «Арай» жас орындаушылар ән байқауының лауреаты;

2002 жылғы Астана қаласында өткен Республикалық «Жас қанат» ән байқауының дипломанты;

2006 жылғы Жамбыл облысы әкімі сыйлығының «Театр және өнер» номинациясы бойынша лауреаты;

2007 жылғы Түркістан қаласында өткен Республикалық «Түркістаным – Тұраным» жас сазгерлер байқауының дипломанты;

2007 жылғы «Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасының иегері;

2008 жылғы Қызылорда қаласында өткен композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы І Республикалық «Туған жер» әншілер байқауының дипломанты;

2008 жылғы Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің дипломанты;

2008 жылғы «Атамекен» ән фестивалінің дипломанты;

2011 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының Алғыс хат иегері;

2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ұлының ұлттық ұраны: «Бейбітшілік – елімнің мақсат-мұраты» І Халықаралық жастар мен студенттер фестивалінің І орын иегері;

2012 жылғы «Жамбыл облыстық мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының» филиалының Құрмет грамотасының иегері;

2012 жылғы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Алғыс хатының иегері;

2013 жылғы Ұйымдық халықтық тәуелсіз комитетінің «Көшбасшылар» байқауының «Алтын көшбасшы» аталымының иегері;

2013 жылғы Түркия Ресубликасында өткен Халықаралық өнер фестивалі сертификатының иегері;

2016 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.