Жәнібек Қыдырәлиев – журналист, маркетолог, кәсіпкер

Жәнібек Қыдырәлиев- ZHAR consulting компаниялар тобының директоры, brand agency «Vtrende» директоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы, Қайрат Құдайбергеновтың «Q4» бизнес мектебінің бизнес-жаттықтырушысы, Vtrende бизнес қауымдастығының ортақ негізін қалаушысы, балаларға арналған программалау мектебінің директоры.

19 жасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен ғылыми танымал «Қазанат» журналын шығарған. Vtrende бизнес қауымдастығының ортақ негізін қалаушысының басты бағыттары - ҚР кіші және орта бизнесін дамыту, бизнесті жарнамалық және маркетингтік жылжыту, жас кәсіпкерлерге тегін бизнес-тренингтер, инвесторлар алаңын құру, старт-ап жобаларға мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар тарту.

50-ден аса бизнес тренинг өткізген, 1000-нан аса адам оқытқан. Оның шәкірттері 20-дан аса мобильді қосымша жасаған, 10 жасар оқушысы Аймен Нұржан «Expo-2017» халықаралық көрмесіне гид қосымша жасаған, 500-ден аса бала оқытқан! Астананың 12 мектебінде программалау, робототехника және 3D-моделдеу курстарын ашқан.

Сондай-ақ Жәнібек Қыдырәлиев «Қазанат» ғылыми танымал журналының жауапты редакторы, «Хабар24» телеарнасының журналисі, «Қазақстан РТРК» АҚ контент менеджері, «СТВ» телеарнасының редактор тілшісі, «24KZ» телеарнасының «Көлік және логистика» бағдарламасының жүргізушісі, «Жетінші арна» телеарнасының «Күнбастар» бағдарламасының шығарушы редакторы, «Шалқар» радиосының «Сазды сәлем» бағдарламасының жүргізушісі.