Жанна Бәйсейітова – ҚазГЗУ Эндаумент қайырымдылық қоры директоры. 2016 жылы құрылған қор мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, толық емес отбасы балаларына жоғары білім алуға көмек береді.

2005 жылы К. Шестаков атындағы орта мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, Жанна болашағы үшін Астана қаласын таңдап, Қазақ гуманитарлық заң университетіне грантқа түскен. 2005 жылы «Әділет» партиясы жағынан ҚР Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдау бойынша бағдарламаға белсенді атсалысқан. 2007 жылы ҚазГЗУ фемидасы атағын жеңіп алған. 2007 жылдан Қазақстан студенттер альянсының белсенді мүшесі болған. Университетті бітірген соң Жанна басшылықтың шақыртуымен ЖОО-да түрлі қызметтерде жұмыс істеуге қалған. 2014, 2015 жж. «Enactus» жастар арасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік байқауында ҚазГЗУ университеті командасының эдвайзері болды. 2015 жылы Ж. Бәйсейітованың жетекшілігімен команда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсету бойынша жобаларымен Қазақстанның 40 ЖОО-сы арасынан 1 орын алып, Йоханнесбург қаласында «Enactus world» әлемдік кубогына Қазақстан атынан қатысты. 2014 жылы Жанна Бәйсейітова ірі медихолдингтердің біріне шақырылып, медиа-жоба жетекшісінен басқарушы директорға дейін жұмыс істеп шықты. 2016 жылы ол ҚазГЗУ Эндаумент қайырымдылық қорының директоры болып тағайындалды.

Жанна ылғи айналасындағыларға, тіпті бейтаныстарға да көмектесуге іштей қажеттілік сезінетін. Адамдардың уайымы мен мәселелеріне алаңдаушылық және тілектестікпен қарау, олардың амандығына көмектесуге даярлық, жоғары мәдениет пен білімділік – бұл Жаннаның жақсы қасиеттерінің бір бөлігі ғана және жастайынан қайырымдылық қорының директоры болып тағайындалуы да кездейсоқ жайт емес.

Қор дарынды балаларды, көпбалалы отбасылардың балаларын, мүгедектерді және, әрине, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауды қарастыратын әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырып жүр. «Болашаққа жол» жобасы Ж. Бәйсейітованың бастамасымен 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеді, онда  балалар үйі және «SOS балалар ауылының»  тәрбиеленушілеріне ЖОО-да оқуға гранттар бөлінеді. Бұл жоба қазір Астана және Көкшетау қалаларында жұмыс істеп жатыр. SOS балалар ауылынан шыққан екі қыз ҚазГЗУ-дың бірінші курсын жемісті тәмамдады; 2018 жылы балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі 1 курсқа қабылданды. Бұдан басқа, «Жас ана – бiлiмдi ана» жобасы сәтті басталып, оның аясында кәмелеттік жасқа толмаған балаларын өз бетімен тәрбиелеп отырған жас аналарға жоғары білім алуына риясыз көмек көрсетіледі. Жанна Бәйсейітова ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қолайсыз отбасыдан шыққан балаларды табу үшін аймақтарды аралаған және  қор қарамағына Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстарының балалары қабылданған.

Жанна Бәйсейітованың айтуынша, «ауқымды кеңейткіміз келеді, мектептер толық қамтылмады, кей тұстардың тетігін табу қиын, бірақ бұл тек басы ғана. Келесі жылдан бастап әкімдіктермен жұмыс істейміз. Олардың көмегі әбден керек. Мысалы былтырғы оқу жылында бізге Целиноград ауданының әкімдігі хабарласып, бір қызды жіберген, ол қыздың әкесінің қайтыс болғанына небәрі 4 күн болған, ал шешесі үш жыл бұрын өмірден өткен екен, туыстарынан тек 80 жастағы әжесі ғана бар. Мен бірден қазақстандық кәсіпкерлердің біріне жүгіндім, ол қызды артық әңгімесіз өз қамқорлығына алды және ай сайын оған өмір сүруіне және тамақтануына шәкіртақы төлейді».

Жанна Бәйсейітованың басшылығымен «Қайырымдылық жаса» жобасы жүзеге асырылып, Астана қаласындағы 60 жұмыссыз адам оқуға қабылданды, олар Эндаумент қорының қолдауымен тар шеңберлі бағыттар бойынша оқыды: маникюр ісі; іс қағаздарын жүргізу; компьютерлік сауаттылық; үлгіші тігінші және 15 адам жұмысқа орналасты. Эндаумент қоры бизнес қауымдастық пен оған мұқтаж талантты жастар арасындағы байланыстырушы түйін болып табылады.

«Адамдар әрқашан өзіне қиын болмаса өзгелерге көмектесе алады, тек бұл көмекке шынымен мұқтаж болатындарды білу керек. Ал біз оларға жол көрсетеміз», - дейді Жанна Бәйсейітова.

Жанна Бәйсейітова қайырымдылық қызметінен пайда көрмей, ешқандай коммерциялық мақсатсыз жүзеге асырады. Ол «көмектесуге дайын» және жоғары білім алуға мұқтаж жандардың арасын байланыстырады.

«Еліміздің көптеген бизнесмендері, оның ішінде жас кәсіпкерлер біздің қорға өздері хабарласып, жас буынның жоғары білім алуына көмек беруге тілек білдіреді, шәкіртақы, жол билеттерін бөледі және тіпті киім-кешек алу мен пәтер жалдауға көмектеседі. Біздің азаматтар саналы түрде  осындай оң іске баратыны және елімізде меценаттық мәдениеттің жақсы дамып келе жатқаны қатты қуантады», - дейді ол.