Ол Семей қ. Қызмет көрсету саласы колледжін «тігінші-сәнгер» мамандығы бойынша бітірген соң туған ауылына келген. 2010 жылы Жанна көлік апатына ұшырап мүгедек арбасына таңылған.

 Алайда барлық қиындықтарға қарамастан, Жаннаның сағы сынбай, өзін шығармашылықтан іздей бастаған. Ол шығармашылық қабілеттеріне қолданыс аясын іздеп, түрлі интернет ресурстарды шарлай бастады. Осылайша жанына жақын ермек тапты – ол жұмсақ ойыншық тігіп, себет тоқып, майда моншақ өрумен айналысты. Бірте-бірте Жаннаның хоббиі кішігірім кәсіпке айналды, сол кезде ол «аяққа тұру керек» деп шешті. ШҚО және Көкпекті ауданының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ауданның іскер әйелдер Кеңесінің және жас талантты қолдаған басқа да жандардың арқасында оның арманы шындыққа айналды. Жанна 2016 жылы бизнесін ары қарай дамытуға «Даму-Көмек» қорынан 3 млн. теңгенің грантын жеңіп алды, барлық құжаттарын рәсімдеп, жұмысқа қажетті барлық жабдықтар мен материалдарын сатып алды. Қазір ол жеке бизнесі бар кәсіпкер. Цехында өзі жұмыс істеп, айына 30 ойыншықтан шығарады. Жанұясы тапсырыстарды жеткізуге көмектеседі. Жаннаның интернет-дүкені бар, ол жерде әлемнің кез-келген нүктесінен оның өнімдеріне тапсырыс беруге болады. Соңғы уақытта ол ісін кеңейтіп, киімді қалпына келтіру және тігуге тапсырыс қабылдай бастады. Тігін цехын іске қосқан соң Жаннаға ШҚО кәсіпкерлер палатасынан «Өз ісінің шебері» атағы берілді. Одан басқа ол «Қазақстанның үздік тауары 2016» байқауында «Көрермендер көзайымын» жеңіп алды. Сондай-ақ, Жанна Жабекова ШҚО кәсіпкерлер палатасының «Халық тұтынушы тауарлары» номинациясының жеңімпазы. Ол бәріне бастысы құлшыныс болса, өзін жүзеге асыру мүмкіндіктерінің шексіз екенін дәлелдеді.