Жексен Айсын - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері

Жексен Қуанұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі. "Халық аспаптары" және "Опералық - Симфония дирижеры" мамандықтары бойынша тәлім алған. Жексен Айсын - Құрманғазы оркестрінің дамуына теңдесіз үлес қосып келе жатқан өзіндік орны бар талантты дирижер. Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев және Рысбай Ғабдиев атындағы Республикалық дирижерлар конкурсының лауреаты, "Менің Қазақстаным", "Сендей қазақ баласы" атты партитуралар жинағының авторы. Аталған жинаққа "Қазақстан Республикасының Әнұраны", "Атамекен" және "Көк тудың желбірегені" әндері кірді, шындығында бұл шығармалар Қазақ халық аспаптары оркестріне алғаш түсірілуі. Жексен Айсынның шығармашылығы Құрманғазы оркестрімен тығыз байланысты, себебі ол 20 жасынан бастап осы оркестрде қызмет атқарып келеді (23 жыл). Қызметін оркестр әртісі болып бастаған Жексен Айсын қазіргі уақытта (2015 жылдан бастап) таптырмас маман дирижер-өңдеуші. Ол үш жылдың ішінде оркестрге түсірген шығармалары 80 - нен асып жығылады. Шамғон Қажығалиев және Алдаберген Мырзабеков ағаларының еңбегін өзіне үлгі тұтып, ізін жалғастырушы. Дирижер репертуарында қазақ халық композиторларынан бастап, әлемге кең танылған Еуропа және ТМД композиторларының шығармалары қамтылған әртүрлі сипаттағы, оркестрде бұрын мүлдем орындалмаған жаңа туындылар бар. Оның түсірген шығармалары музыкалық мазмұны терең, орындаушыдан аса шебер орындаушылықты талап етеді. Дирижердың бұл жұмысы үлкен сұранысқа ие. Қазақ халық аспаптары оркестрлерінің жоғары кәсіби деңгейін көтеруге ықпалы мол деп білеміз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша Айсын Жексен Қуанұлы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.