Жібек Караманова –заңгер, қоғам қайраткері.

Жібек Караманова – кәсіби заңгер және KEREMET Holding заңгерлік фирмасының, Keremet Art, DlningSMart және Foodystan жобаларының негізін қалаушы. Жибек ҚазМЗУ-дың халықаралық құқық факультетін бітірді. Болашақ бағдарламасы бойынша халықаралық кәсіби құқық төңірегінде Queen Mary University университетінде магистратуран тәмамдады.Сондай-ақ, АҚШ-тағы Пенссильваниясында Lehigh University атты жазғы кәсіпкерлер бизнесін бітірді.

2016 жылы Жибек KeremetArt қазақстандық суретшілердің алға қарай жылжып, дамуы бойынша жоба құрастырады. Жобада көрмелер ұйымдастыру, қазақстандық өнердің өз ішіндегі және шет елдердегі мәдениетінің өнерінің  дамуына қатысты сұрақтарды көтеру, арт объектіні кіріс инвестициясы ретінде көру осы сынды төңіректегі мәселелер көтеріледі.

Жібек қазақстандық суретшілер, студенттер және жас мамандардың арасындағы құқықтық білімді жоғарылатумен белсенді түрде айналысуда. Жибек тұңғыш рет Қазақстанда еліміздегі жаңа таланттарды жаңғырту, шығару мақсатында қазақстандықтар арасында шеберлік суретшілер мен галереялық арт-турларды ұйымдастырып өткізе бастады. Бұл жоба үлкен көрсеткішке ие болды. Бір жыл ішінде тур 1-2 айда бір лет өткізілетіні ескеріле отырып арт-турды 300-ге жуық адам көріп, қатынаса бастады. Алғаш рет СНГ-да 2016 жылыхалықаралық қоғамдастықтың назарын аударған KEREMET «Искусство как актив» атты халықаралық Арт Бизнес Конференциясын ұйымдастырды. Конференцияғагалерея, мұражай, инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, аукционда тұрған үйлерден 200-ге жуық адам қатысты. Жібек 15 жылға жуық Қазақстанның, АҚШ және Ұлыбританияның ірі инвестициялық компанияларында жұмыс істеді. Жобаны қаржыландыру сұрақтары бойынша жұмыстарға жауап береді, арбитражбен экологиялық құқыққа да қатысты мәселелермен айналысқан. Сонымен қатар Қазақстанда арт-бизнес бойынша арт-объектілермен келісім-шартты рәсімдеу, авторлық құқық, шет елдерге арт-объектілерді кіргізу және шығару бойынша сұрақтармен айналысатын, кездесе бермейтін заңгерлердің бірі болып табылады.

Жібек Халықаралық заңгерлер Ассициациясының мүшесі болып табылады. Қазақстандық және халықаралық келіспеушіліктерді шешуде Атамекен Арбиторлық Құрастырып-шешу Орталығының, IUS халықаралық Арбитражының, РФ СӨП Комиссиясындағы Теңіз Арбитражының, Заманауи Арбитраж Ресей университетімен құрылған Ресей Арбитраж орталығының арбиторы болып табылады. Сонымен қоса Жибек Dining Smart жобасы төңірегінде дұрыс тамақтану және денсаулық сақтауда үгіт-насихат жүргізумен айналысады. 2014 жылдан бастап жыл сайынғы өтетін DiningSmart «Тамақтану және Денсаулық» диалогтік форумдарына фермерлер, диетологтар, дәрігерлер, азы-түлік өнімдерін шығарушылар, ғалымдар мен кәсіпкерлер, ата-аналар және студенттер жалпы алғанда 5000-ға жуық адам қатысты. Жибек және де КИМЭП құқық мектебінің дәріскері болып табылады. Өнермен шұғылданып, ән жазумен, стартап жобаларды құрумен, фортепианода ойнаумен щұғылданады.