Мен Кубентаев Аслан Нурахметович 1991 жылы 15 қыркүйек күні Алматы облысы, Сарқан қаласында дүниеге келдім.Яғни тәуелсіздіктің құрдасымын. Азат халқымыздың абыройын асырып, мерейін тасытқан ел тәуелсіздігі аясында мына біз жастарға барлық жағдай жасалған. Осы орайда жасардың мәселелерін, бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жастарды жұмыспен қамтуға азда болса өзімнің үлесімді қосудамын. Қазіргі таңда Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісімін.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылы аудан жастары 5 га қант қызылшасын егіп, түскен қаражатты қайырылымдылық шараларына жұмсады.Ал биылғы жылы ауыл шаруашылық саласына қызуғушылықтары артқан аудан жастары 15 га қант қызылшасын екті. Бұл шаралардың барлығы Елбасаның саясатына өзіндік үлесімізді қосу.Өйткені мемлекет басшымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымыздың баға жетпес құндылығы - ол жастар екенін атап өткен болатын.Біз жастар артқан үмітпен, арқалаған сенімді ақтау үшін аянбай еңбек етеміз!