Шыныбеков Бәкір- Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Шыныбеков Бәкір – Азат шағынауданының ауыл биі,  халыққа ауыз толтырып айтарлықтай өз үлесін қосып жүрген абыройлы азамат.  Ауыл ақсақалдарымен елдегі ауқымды, өзекті мәселелердің түйінін шешіп жүрген жанның бірі. Қай өңірде болмасын тұрғындардың шешілмес,маңызды мәселелері болады. Сондай әлеуметтік мәселелердің бірі аймақтақтағы коммуналды қызметтерді шешу.  Шыныбеков Бәкір осы мәселе төңірегінде айтарлықтай қызмет атқарып жүр.  Қазақстан өз қанатының астына 140 ұлттың өкілдерін сыйдырған зайырлы мемлекет.  Әр мемлекет өкілдері бір отбасының баласындай мамыражай күн кешуде.  Азат шағынауданында шоғырланған көптеген өзге ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүрулері осындай белсенді азаматтардың еңбектерінің жемісі.