Ирина Васильевна  –  «Лад» славян этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі

Ирина Васильевна саналы ғұмырының 43 жылын мәдениетке арнаған. Мамлют ауданының гүлденуі мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан. Солтүстік Қазақстан азаматтарының әлеуметтік қана емес, рухани мәдениетін дамытуға ерекше ықылас білдіріп, көп еңбек етуде.

Жетістіктері:

1976 жылы  «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталған.

2001-2002 жылдар аралығында Солтүстікқазақстандықтардың рухани мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет департаменттің алғыс хатымен марапатталған.  

2005 жылы мәдениет пен шығармашылықта жеткен жетістіктері үшін  I дәрежелі сыйақы тағайындалған.

2007 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ мәдениет қызметкерлерінің  белсенді дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хат жарияланды. 

2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Мамлюттық мәдени орталық облыс көлемінде 3-орынды иеленді.

2008 жылы Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдығына арналған сайыста ауданның шығармашылық ұжымы облыста 2-орын алды.

2009 жылы «Халық шығармашылығы – ұлттық мәдениеттің негізі» атты облыстық сайыста ауыл мемлекеттік мекемесі 3-орынға ие болды.

2010 жылы үздік әлеуметтік  мәдени орталық кабинеті үшін, облыстық мәдениет басқармасы алғыс хатын иеленді. Дәл осы жылы облыстық халық мәдениеті мен шығармашылығы басқармасынан теңдессіз мәдениетке сіңірген адал қызметі үшін алғыс хатпен марапатталды. 

2011 жылы әлеуметтік-экономикалық мәдениет қызметкерлерінің  құқықтарын қорғағаны үшін Республикалық кәсіподақ мәдениетінің алғыс хатымен марапатталған.