Кұдайберген Қалиұлы – Солтүстік Қазақстан облысы өңірінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына үлкен үлес қосқан, тәжірибелі және талантты басшы. Ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына, ауыл еңбеккерлері оның ішінді қарттардың әл-ауқатын жақсартуға көп көңіл бөледі. Ол үнемі жастарды тіл мен дәстүрді құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Солтүстік Қазақстанның құрметті азаматы, Қазақ мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, алғашқы еңбек жолын совхоз агрономы болып бастаған. Кейін, совхоз директоры, аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық әкімшілік басшысының орынбасары қызметінде болды. Зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы «ұлттық компания «азық-түлік келісім-шарт корпорациясын» АҚ басқарды. Кұдайберген Қалиұлы өзінің нәтижелі еңбегінің арқасында, «Құрмет белгісі», «Құрмет» , «Парасат» медальдарі және де бірнеше алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.