Таран Наталья –  мұражай директоры.

1970 жылы дүниеге келген Наталья Таран Қостанай педагогикалық институтында тарих және педагогика мамандығы бойынша білім алған. 1992 жылы Денисов ауданында мәдениет мекемесінде қызмет істеген. 2008 жылы «Денисов» тарихи-өлкетану мұражайының директоры болып тағайындалды. 2012 жылы Денисов ауданының ал, 2016 жылы Қостанай облысы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Марапаттары: 2011 жылы  «Қазақстан тәуелсіздігіне - 20 жыл», 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына -20 жыл» медаль табысталған. 2014 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.