Ольга Николаевна – ансамбль жетекшісі

Есту қабілеттері нашар балалар ұжымынан құралған «Sensitive» хореографиялық ансамблінің жетекшісі. Ольга Николаевна жетекшілігімен ансамбль бірнеше халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, гран-при иегерлері атанған. 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша  өлшеусіз еңбегі үшін «Креативтілік және шығармашылық» дипломы берілген.

«Sensitive»  ансамблінде 26 әртүрлі жастағы оқушылар айналысады. Репертуарларында латын-америка және еуропалық би бағдарламалары, сондай-ақ заманауи хореография бар. Оқыту процесіндегі мақсат:дыбыс қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту және танымын жақсарту.

«Sensitive»  ансамблі Федерациялық би спортының  Солтүстік Қазақстандағы жалғыз есту қабілеттері нашар балалар ұжымының ресми өкілі. Ансамбль барлық халықаралқ, облыстық, республикалық  сайыстарға белсенді түрде қатысады. Осы уақыт аралығында жеткен жетістіктерін атап өтсек:

- 2013 жылы Болгарияда өткен III Халықаралық «Күн биі» атты  фестивалінің I дәрежелі лауреат атағына ие болды.

- 2013 жылы Москва қаласында өткен  халықаралық  «Inclusive Dance» қайырымдылық фестивалінің I орын иегерлері.

- 2014 жылы Болгарияда өткен IV халықаралық «Күн биі» атты  фестивалінің I дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.

- 2015 жылы «Халықаралық FIESTALONIA FLMATY INTERNATIONAL FRT CONTEST» «Балл биі» категориясы бойынша 2-орынды иемденді.

- 2015 жылы  халықаралық Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «ТАНЫСУ» фестивалінің гран-при иегерлері.

-2016 жылы  гран-при «Творчество без границ» фестивалі

- 2017 жылы гран-при «Популярное Основание» халықаралық конкурсы

-2017 жылы Болгария қаласында өткен  «Розы Обзора-2017» халықаралық хореография сайысында гран-при, екі бірдей 1-орынды әр түрлі номинациялар бойынша алды.