Абай Ақмұрзиев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аңсар-2014» әдеби байқауының «2014 жылғы жас журналист» номинациясының дипломымен марапатталған.

Сонымен қатар, халықаралық Гейдар Әлиев атындағы 2015 жылғы шәкіртақы иегері. Қазақ журналистикасының дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев атындағы арнайы шәкіртақыны жеңіп алған.

2016 жылдың ақпанынан Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде баспасөз хатшысы болып, ал осы жылдың мамыр айынан бастап «Атырау» облыстық газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің тілшісі болып қызмет атқарады.