Құсайынов Абай Зкрияұлы - ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бас дәрігері


Абай Құсайынов 2012 жылдан бері Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы Алматы қаласының және жалпы республиканың бала тұрғындарына, тәулік бойы, шұғыл және жоспарлы түрде арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған білікті медициналық көмек және диагностикалық көмек көрсететін, ірі көпсалалы аурухананы басқарып келе жатқан азамат. Ол ең соңғы шығарылған технологияларға сәйкес келетін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған аурухананың емделушілерге барынша септігі тисе екен дейді. Сондықтан жылда аурухананың қызметін қамтамасыз ететін материалды-техникалық қоры және коммуникациясы үнемі жетілдіріліп отыруға барынша назар аударады. Абай Закрияұлының басшылығымен  ауруханада шет елдерде өзінің біліктілігін жоғарылатып келген мамандар қызмет атқарады, бұл өз кезегінде емнің заманауи әдістерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Құсайнов Абай Зкрияұлы, 1967 жылдың 10 ақпанында Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін әскерге аттанып, Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген. Әскерден келгеннен кейін Алматы Мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсіп, 1995-1997 жылдары – «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны оқыған. 1997 жылдан бастап еңбек жолын С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті ретінде бастайды. 2001 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атанады. 2006 жылдан бастап С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің педиатрия факультеті деканының орынбасары қызметін атқарады.  2011 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2011 жылы ҚазЕжӘҚА экономикалық факультетінің «менеджмент» мамандығын аяқтаған. 40 –қа жуық басылымның авторы, 2 монографияның бірлескен авторы болып табылады. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бас дәрігері, жоғары санаттағы балалар хирургы.