Абай Отар - журналист, блогер, "Болашақ" стипендиясының иегері, "90-минут синдромы" кітабының авторы.

Ол 1991 жылы 24 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. 1997-2006 жылдар аралығында сол ауылдағы Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектепте білім алған. 2006 жылы, 9-сыныптан кейін Тараз қаласындағы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжіне «менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы аталған оқу орнын тәмәмдап шықты. Сол жылы Тараз инновациялық-гуманитарық университетіне түсіп, 2013 жылы «экономика» мамандығы бойынша бакалавр деңгейін аяқтаған.

Университет қабырғасында оқып жүргенде, «Нұр Астана» республикалық жастар апталығында әуелі Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, шолушы, веб-редактор қызметін атқарады. Кейінірек «AynaLine.kz» сайтында журналист-редактор ретінде жұмыс істейді.

2014 жылы бала күнгі арманның жетегімен шетелде оқуды мақсат тұтып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияға оқуға түседі. Әуелі бір жыл UCL университетінде бір жыл тілдік курс оқып, 2015 жылы Лидс университетіне «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түседі. Аталған оқу орнын 2016 жылы тәмәмдап шықты.