Аббат Өрісбаев – Ақтау қаласындағы «Fortе Bank» АҚ филиалының директоры

Аббат Жәңгірханұлы 1981 жылы 19 шілдеде Маңғыстау облысының Ақтау қаласында туылған. Ақтау қаласындағы №17-ші  мектептің түлегі. Мектеп жылдарында спортпен белсене айналысқан, бірнеше дүркін облыстық жарыстарда жеңімпаз атанған.

1998 жылы Ақтау қаласындағы «Халықаралық еңбек академиясына» жоғарғы оқуға түсіп, «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Кейіннен  2010 жылы оқуын Мәскеу  қаласындағы Г.В. Плеханов атындағы Ресейдің Экономикалық академиясында жалғастырып,   жоғарғы дәрежелі атақпен тәмамдаған. Студенттік жылдарда универистеттің жастар ісі жөніндегі комитетті басқарды, сондай-ақ «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің басшыларының бірі, белсенді ұйымдастырушысы болды. Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Советтің құрамында болды.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақтау қаласындағы «БанкТұранӘлем» АҚ-ның Маңғыстау филиалында жеке бизнес бөлімінің бас маманы, жеке несие беру бөлімінің аға маманы және корпоративті несиелеу бөлімінің жетекші маманы қызметтерінен бастаған.

2003 жылы Алматы қаласындағы «БанкТұранӘлем» АҚ банкісінің бас кеңсесіне жұмысқа ауысып, Батыс өңірді қамтитын бас менеджер маманы, сосын жеке бизнес филиал саласында бөлім бастығы, кейін жеке бизнес басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2006 жылы «Темірбанк» АҚ-ның басқарма төрағасының кеңесшісі болып, 2007 жылдан «Темірбанк» АҚ Ақтау қаласындағы филиалының директоры болып жасады. 2015 жылы Ақтау қаласындағы «Fortе Bank» АҚ филиалының директоры болып тағайындалды.

VI шақырылымда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. ҚР қаржы жүйесінің еңбегі сіңген қызметкері, Маңғыстау облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшесі. Еңбек жылдарында жоғарғы орындардың әр түрлі мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталған. 2011 жылдың қорытындысымен облыстың ең үздік кәсіпкерлері конкурсы бойынша «бизнестің қаржылық тірегі» үздігі деп танылған. Белсенді түрде қайырымдылықпен айналысып, облыстық жас таланттары мен спортшыларына қолдау көрсетіп отырады. Ол Маңғыстау облыстық күрес федерациясының басшысы, Спорт және КХА меценаты.