Әбдібақыт Мақұлбаев – Кентау қаласының әкімі

Әбдібақыт Тіллабайұлы облыстың экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан азамат. Қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіп, жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғарылағаннан-ақ Әбдібақыт Тіллабайұлының атқарған жұмыстарының жемісін көруге болады. Бір сөзбен айтқанда әкім болып келгелі шағын шаһардың шырайы кіре бастады.

Ол 1961 жылдың 29-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында  дүниеге келген. 1983 жылы К. А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын агроном мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983-1985 жылдары «Коммунизм» совхозының комсомол комитеті хатшысының орынбасары болған. 1985-1986 жылдары «Коммунизм» қой совхозы, тұқым шаруашылығы бойынша аға агрономы болып жұмыс істеген. 1986-1989 жылдары Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының (бұдан әрі - ЛКЖО) аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1992 жылы Шымкент облысы әкімшілігі аппараты, ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы болып шықты, жане сол жылы Облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1992-1994 жылдары «Шаруа» Оңтүстік Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірістік-коммерциялық концерні, менеджмент және маркетинг бойынша вице-президенті болады. 1994-1995 жылдары Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болды. 1995-1998 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі болып қызмет еткен.

1998-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 2002-2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болды. 2005-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көш-қон басқармасының бастығы болады. 2008-2010 жылдары Көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры болды. 2010-2012 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары болып қызмет етеді. 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып, 2014 жылдан қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі.