Абдыхалық Cаитов – жеке кәсіпкер, 30-дан астам отбасы мүшелерін жұмыспен қамтып отырған азамат.

1960 жылы 20 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында  дүниеге келген. 

Кәсіпкер өзі түлеп Азаттық ауылының 30-дан астам отбасы мүшелерін жұмыспен қамтып отыр. Әбдіхалық Cаитов ауылды көркейту мақсатында ауыл тұрғындары ұйымдасып жасайтын талай игілікті істерге демеу көрсетіп, қолдау білдірген. Ауыл іргесіндегі үлкен мазаратты қайта жөнге келтіру жұмыстарына атсалысып, көмектескен. Бұдан өзге де  қайрымдылық шараларына демеушілік көрсетіп, жылына бір рет ауылдағы 150-ге жуық отбасына сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған ауылдастарына, жетім-жесірлерге азық-түлік апарып беріп, қол ұшын созады.  

2015-2016-2017 жылдары аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған.  2016 жылы 29 қарашада ҚР Президентінің жарлығы бойынша Алтын медальмен марапатталып, Құрмет грамотасы берілді. 2016 жылы Ауыл шаруашылығы сапасын дамытуға қосқан  үлесі үшін ҚР Ауыл шаруашылық министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасында 3 ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған өнегелі әке, үлгілі жар.