Әбдімәлік Әшіров – техника ғылымдарының докторы, профессор

Әбдімәлік Манапұлы ҚР Жаратылыстану ғылыми Академиясының академигі. 200-ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және 5 монографиясы жарық көрген. Ол 40 патент және автор куәліктерінің авторы. Ол 3 ғылым докторын және 6 ғылым кандидатын дайындаған. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері Шымкент май комбинатында, Шымкент және Әндіжан гидролиз зауыты мен Ферғана бірігу зауыттарында енгізілген.

Оның ғылыми-зерттеу бағдарламасы бойынша тұқымды себер алдындағы электромагниттік модуляция әдісімен енгізу  технологиясы 2000 жылы Ақмола облысының экономикасына жылына 144 млн. теңге көлемінде табыс әкеледі. Аталған технология Ресейде, Украинада, Өзбекстанда және Қазақстанның 6 облысында сынақтан өтті және әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ деп саналады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін өкімет тарапынан "ҚР ғылымының дамуына еңбегі сіңген" құрмет медалімен марапатталған. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын Түркия, Сирия, Франция елдері мойындаған. 2004 жылы 272 нөмірмен тіркелген "Закономерность усиления биорезонансной активации семян сельскохозяйственных культур" деген тақырыпта жаңалық ашқан. Халықаралық ғылыми ашылымдар академиясының диплом иегері.