Мен, Жоспарова Айгерім Әбіләшімқызы  М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті магистрантурасының 2017 жылғы түлегімін.   Мен осы университеттің «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының доценті, Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров ағай жөнінде өз пікірімді айтқым келеді.

Хамит Аблгазыұлы біздің университетте оқытушылық қызмет атқарады. Ағай «Экологиялық биотехнология», «Медициналық және ветеринариялық биотехнология», «Жануарлар биотехнологиясы», «Ет және ет өнімдерінің технологиясы» атты пәндерден дәріс оқиды.  Хамит Әбілғазыұлы парасатты, өте білімді, тынбай еңбек ететін, білімгерлерге үлгі болатын ағай деп есептеймін. Хамит Аблгазиновичтің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазақ тілінде 2011 жылы шығарылған  «Биотехнология» және «Биометрия», 2013 жылы шығарылған «Ауыл шаруашылық биотехнологиясы», 2014 жылы жарық көрген «Жануарлар биотехнологиясы» атты оқулықтардың авторы. Сонымен қатар, 2014 жылы «Биотехнология. Зертханалық жұмыстар практикумы», 2016 жылы «Биоқұрамажем технологиясы» атты оқу құралдары шықса, 2017 жылы «Ет және ет өнімдері технологиясы» атты оқу құралдары баспадан жарық көруде.  Жоғарыда аталған оқулықтары мен оқу құралдары, зертханалық жұмыстарға арналған практикумдары, тағы да басқа көптеген әдістемелік нұсқаулары, ЖОО білімгерлер тарапынан оқу үдерісінде құнды кітаптар ретінде қолданылуда. Сондықтан, мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына білім беру саласыныан Хамит Әбілғазыұлы Аубакиров ағайды  лайық деген пікірімді білдіріп отырмын.