Сыздықов Әбілхайыр Әбілпаттаұлы - 1971 жылы 23 қазанда Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 2000-2004 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін бітірген.

2008-2012 жылдар аралығында аудандық мәдениет үйінің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. 

2013 жылдан бастап аудандық емханада баспасөз хатшысы, құжаттама бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

«Дүбірлі дүрмек» атты кітабы және бірнеше өлеңдері жарық көрген. 2000  жылы - Қызылорда облысы әкімінің стипендианты, 2000 жылы – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, 2004 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды, сондай-ақ «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», Республикалық ақындар айтысының 4 дүркін жеңімпазы, облыстық ақындар мүшайрасының екі дүркін  жеңімпазы атанды және ақындар айтысынан 3 автокөлік жеңіп алды. Облыстың қоғамдық саяси шараларына белсенді араласады.