Абзал Молдабеков – жеке кәсіпкер 

Абзал Кендебайұлы 1993 жылы 17 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылында дүниеге келген. 2011-2015 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің көркем сурет факультеті «сәндік қолданбалы өнер» мамандығын тәмамдайды. Универсивтет қабырғасында жүргенде республикалық және халықаралық бірнеше көрмелер мен ғылыми конференцияларға қатысып, бағын сынап көреді.

Өзі қатысқан байқауларда жүлделі орындардан көріне бастайды. Мәселен, өзі оқитын жоғары оқу орнында студенттер мен магистранттарға арналған жыл сайын өтетін студенттік ғылыми конференцияда бірінші орыннан көрініп жүрді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенділік танытып, 2015 жылы І дәрежелі дипломмен марапатталады. Дарын иесі тек қана өнермен шектелмей, діни сауатын жетілдіріп, мешіттен дәріс алады. Құран, тәфсир, ақида, фиқһ, хадис, каллиграфия және араб тілі граматикасы дәрісінен 5 деңгейін толық тәмамдап, «Сертификат» алады.

Оқуды бітіргеннен кейін 2015-2017 жылдар аралығында Талғар қаласында «ZerSer» зергерлік шеберханасында зергер-дизайнер болып жұмыс істейді. Тәжірибесі толысқаннан кейін 2017 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласында «Alash jewels» деген жеке зергерлік шеберханасын ашады. Бүгінде өз ісінің маманы жеке кәсібін дөңгелетіп, асыл өнердің құндылығын дәріптеп келеді.