Талтенов Абзал Ахатович - Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры. Атырау обл, Махамбет р-н., Чкалов селосы, 11 қаңтар 1972 ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1994 ж., химия. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантура, 1997 ж., химия. Доктор 2007 ж., профессор 2010 ж. Химия ғылымдарының докторы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» (2005 ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен (2004 ж.), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2009 ж.), С.Торайғыров атындағы алтын медальмен (2010 ж.), Қазақ хандығының 550 жылдығына орай іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Алғыс хатымен (2015 ж.) марапатталды.

Абзал Талтенов жоғары білім беру мен ғылым саласының заман талабына сай дамуына қатысты қайраткерлік қызметін жалғастырып, дарынды және бастамашыл ғалым ретінде өзін танытты.

Ғалым Абзал Талтеновтың «Университет – білім беру, ғылым, мәдениет орталығы» ұстанымы -  жоғары оқу орнының барлық бағыттағы, әсіресе ғылыми және инновациялық іс-әрекетіндегі белсенді жаңаруынан көрінеді.

А.Талтенов химия ғылымы саласындағы танымал ғалым, 80-нен астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың, соның ішінде 3 монографияның, 8 авторлық куәліктің авторы. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – мұнай химиясы, экология, катализ, химиялық кинетика.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім Академиясының мүше-корреспонденті. Химия және экология саласынан бірқатар ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналының бас редакторы.