Әдебиет Өтепов - азаматтық қорғау органдарында қызметкері

Әдебиет Өтепов бүгінгі күннің батыры. Ол бір адамды ажалдан құтқарды. 

Павлодар облысы Ертіс ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау қызметінің аға лейтенанты Әдебиет Өтепов көпірден секірмекші болған ер адамды ажал аузынан құтқарды.  Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сүйенсек,  Әдебиет Өтепов сол күні Павлодар қаласына жолға шыққан.  Көлігімен Ертіс көпірінен өте бергенде секіргелі тұрған адамды көзі шалады. Дереу көлігінен шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың қасына жетіп, әңгімеге тартқан.  Сөйтіп қырағы лейтенант оны күртешесінен ұстап, қауіпсіз жерге шығарған. Өз ойын жүзеге асыра алмағанына ашуланған ер адам инспекторды төбелеске итермелеген көрінеді. Ажал аузынан аман қалған жігіт 1986 жылы туған. Ешбір жерде жұмыс істемейді. Айта кетерлігі, Әдебиет Өтепов азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет етеді.