Серікбаев Әділбек Ұргенішбайұлы 1963 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Диірментөбе стансасында туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 


Серікбаев Әділбек өз еңбек жолын 1986 жылы Қармақшы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінің жаттықтырушысы болып бастады. Осы еңбек еткен уақыт ішінде Ә. Серікбаев  өзін  үнемі өзін-өзі жетілдіру жолында ізденіспен еңбек ететін маман ретінде көрсетті. Ол тәрбиелеген спортшылар Халықаралық, республикалық  жарыстарда жүлде салып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде самбо күресінен 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 24 спорт шебері, қазақ күресінен 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 спорт шеберін дайындады. Самбо күресінің Азия чемпионатының 1 женімпазын (Райсов Бауыржан 2006 жыл), 1 жүлдегерін (Қодаров Алмат 2000, 2001 жылдары), қазақ күресінен 1 Әлем чемпионы (Райсов Бауыржан 2008 жыл), 1 Азия чемпионы  ( Қуанбаев Мейржан 2007, 2008 жылдары),  1 Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Райсов Бауыржан 2007) дайындап шығарған. 1989 жылдан бастап самбо, қазақ күресінен Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы болып тағайындалған. 2007 жылғы ҚР жазғы спартакиадасында және 2009 жылы өткен «Ақ бидай» республикалық спартакиадасында қазақ күресінен Ә. Серікбаев дайындаған құрама команда командалық есепте І орынға ие болды.
Ә.Серікбаев жоғарыда көрсетілген еңбектері үшін ҚР «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және  «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды