Әділбек Әмірбекұлы 1991 жылдың 23 ақпанында дүниеге келген.

Ол 2013 жылы қуаты 25 000 кВА, кернеуі 110 кВ, салмағы 61 тонналық трансформаторды құрастыруға үлес қосқан. 2014 жылы қуаты 63 000 кВА, кернеуі 110 кВ, салмағы 110 тонналық трансформаторды құрастыруға үлес қосқан.2015 жылы Қазақстан Темір жол компаниясына елімізде алдын жасалмаған, кернеуі 27,5 КВ арнайы темір жол трансформаторларын құрастыруға үлес қосқан.

2016 жылы Қазақстанда алғаш жасалған куаты 80000 кВА, кернеуі 110кВ мега трансформаторды құрастыруға және 2016 жылы Қазақстанда алғаш жасалған куаты 40000 кВА, кернеуі 110кВ мега трансформаторды құрастыруға үлес қосқан.  

Энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытып, көптеген трансформаторларды заман талабына сай модернизациялап, трансформаторлардың жаңа түрлерін игеруде еңбек етіп келеді.

2015 жылғы 03 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен наградталған.