Әділет Елеусов - жас кәсіпкер

Әділет Елеусов 1992 жылы 8 ақпанда дүниеге келген. Жас кәсіпкер, «Startup «Bolashak» стартап-жобаларының мемлекеттік грант иегері.

«Startup «Bolashak» стартап-жобаларында «Нейтрон» атты проектіде Павлодардың Еуразиялық инновациялық университетінің түлегі, бірінші орынға табан тіреп, жеті миллион теңгеге сәйкес келетін грантты жеңіп алды. Мұнымен қоса, жас кәсіпкер қанжығасына 3 миллион теңгені байлап алды. Себебі мұндай көрсеткіштің куәсі болған әділ-қазы алқалары жас жігітке жоғары бағаны аямай қойды. Сонымен қатар, Әділеттің айтуынша алдағы уақытта жастарға арнап зертхана ашпақшы. Ал қазіргі таңда жас кәсіпкер, елордамызда Қазақстан жастарының съезі ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.