Адолат Дадаханқызы Алтешова - атбегі, көкпаршы.  Түркістан облысы, созау ауданының тумасы. Үш жасынан бастап атқа мінген. Әке-шешесі де атқұмар жандар болған. Адолат қазіргі таңда атбегілікпен қатар көкпарға түсіп, сондай-ақ, қыз қуу ойынына тұрақты түрде қатысып тұрады. Қыз қууға он бес жасынан бастап қатысқан екен. ұлттық спорт түрінен Созақ ауданының құрама командасының белді мүшесі.