Ахмет Өтепбаев – жеке кәсіпкер

Ахмет Есенгелдіұлы бар-жоғы 24 жасында сүт өңдеу зауытын іске қосып, бүгінде соның гүлденуі үшін ертелi-кеш дамыл таппай еңбектенiп жүр. Ол бүгінде бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ол 1990 жылы 27 мамырда дүниеге келген. Ол Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiн бiтiргеннен кейiн екi жылдай құқық қорғау органдарында қызмет етiп, адвокат болған. Алайда, кәсiпкерлiкке деген бейiмi басым болып, бiрнеше үйден сүт жинап, оны балабақшалар мен дүкендерге жеткiзiп берушi болып өз бизнесiн бастайды.

Осылай 2014 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысуға көшті. "Жеті-Жарғы" Сүт өңдеу зауытының негізін қалап, оның гүлденіп, дамуы үшін тер төгіп келеді. 2014 жылы АИО "Максимум" несие мекемесінен жеңілдетілген  25 000 000 теңге несие алып сүт цехына қажетті құрал жабдықтар алды. Өз қаражатынан  30 000 000 теңгеге ғимарат салып, қазіргі таңда 12 қызметкер жұмыс жасап жатыр, 9 өнім шығару үстінде (сүт, айран, сары май, құрт, қаймақ, йогурт, творог, чечил) сияқты.  

 «Кентау қаласының аумағындағы ауыл тұрғындарының көпшiлiгiнiң қорасында малы бар. Одан бөлек, бiзде екi сиыр фермасы бар. Бiрiнде күнiне 300, екiншiсiнде 60 сиыр екi мезгiл сауылады. Сүттен тапшылық болмайтынына көзiм жеткеннен кейiн осындай шағын зауыт ашуды алдыма мақсат етiп қойдым», – дейдi жас кәсiпкер.

2015 жылғы жылдық табысы 28 800 000 теңге, оның мемлекетке төленген салық көлемі: 1 440 000 теңге. 12 қызметкер уақытылы жалақысын алып отыр.

Қазiргi таңда зауыттың ауылдардан сүт қабылдайтын екi бекетi бар. Одан бөлек, жоғарыда айтып өткен сүт фермаларының да өнiмiн қабылдайды. Жалпы, зауытта күнiне 1 тоннаға дейiн сүт өнiмдерi шығарылады екен. Оның жартысы қала аумағындағы балабақшалар мен дүкендерге таратылса, қалғаны Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласы мен Шиелi ауданына тасымалданады.