Айбек Сейітбаттал - футболшы

Әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі, футболды жанына серік еткен Айбек Сейітбаттал талай додаларда үздік атанды. Арманы – қазақ футболын әлемдік деңгейге көтеру.
Жас аяқ доп шебері Павлодар қаласында наурыз мейрамы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған балалар арасындағы шағын футбол бойынша мерекелік турнирде топ жарды. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған балалар арасында шағын футбол бойынша қалалық турнирде 1-ші орын жеңіп алды.