Айбол Бекмұхамбетов - ҚР Қарулы Күштеріның Әуе Қорғанысы күштерінің полковнигі

Айбол Ануарұлы бала кезінен арман қиялына көк аспанға самғауды қанат етіп бітірген, талай рет көкке қарап ой құшағына енген жан. Сондықтан да осы авиация саласы оның өмірлік таңдауына айналған. Ал өзіне мақсатты жолаушыларды қауіпсіз әрі жайлы діттеген жеріне жеткізу етіп қойған азамат.

Айбол Әнуарұлы Бекмұхамбетов 1962 жылы 1 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесінің «Әуе көлігін ұшуды пайдалану» факультетінің инженер-ұшқыш мамандығы бойынша аяқтаған. Қызмет жолын Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесінің Як-18 және Як-40 ұшақтарының ұшқыш-нұсқаушысы ретінде бастап, командир-нұсқаушысы, Як-40  ұшағының эскадрильясы командирінің орынбасары қызметімен жалғастырған. 1993 жылылы ҚР Көлік Министрлігі Азаматтық авиацияның мемлекеттік саясат бөлімінің бас маманынынан Халықаралық Ақтөбе әуежайы» АҚ президенттігіне дейін жеткен. Ал қазіргі уақытта «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті. Ол «Құрмет», «Достық» ІІ-ші дәрежелі  және «Парасат» ордендерімен марапатталып, Азаматтық авиацияның еңбек сіңірген қызметкері атанған. Жұмыстан тыс уақытта әдебиетпен, классикалық және эстрадалық әуендермен әуестенеді.