Айдана Сарыбай-спортшы

Айдана Сарыбай 1998 жылы 25 шілде күні дүниеге келген. Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 19 жасынан бастап ел біріншілігіне шығып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, халықаралық ареналарға да шығып, ел намысын қорғап жүрген азаматшаларымыздың бірі. Өткен жылы Грецияда өткен халықаралық турнирде обруч жаттығуынан Айдана 1-ші орын алса, ленталы жаттығудан 2-ші, ал доп жаттығуынан 3-ші орынға ие болды.

Биыл Будапешт қаласында өткен халықаралық бәсекеде, Айдана өзінің кәсіби деңгейін жоғары екендігін көрсетіп өтті. Ол доп жаттығуынан 2-ші орын алса, көпсайыстан қола медальді қанжығасына байлады.