Смағұлов Айдын Кұдайбергенұлы  - Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Дзюдо күресінен  оқытушы-жаттықтырушы. Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген спорт шебері.          

1986 жылдан бастап күреспен айналыстым, алғаш рет 1995 жылы самбо күресінен ҚР чемпионатында І-орын, 1996 жылы Чехия мемлекеті Прага  қаласында Дзюдо күресінен ӘЛЕМ чемпионатында V-орынға ие болдым. 
1997 жылы Ресей мемлекеті Мәскеу қаласында Халықаралық турнирде Дзюдодан ІІІ-орын, 1999 жылы Турция мемлекті Стамбул қаласында Халықаралық турнирде Дзюдодан І-орын, 2000 жылы Япония мемлекеті Осака қаласында АЗИЯ чемпионатында ІІ-орын, 2000 жылы Австралия мемлекеті Сидней қаласында өткен Олимпиадада ІІІ-орынға қол жеткіздім.