Айдынбек Скендіров – «Қармақшы Демеу» корпоративтік қорының директоры

Айдынбек Айтбайұлы 1987 жылы 20 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 1993-2004 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы №26 қазақ орта мекетебінің 11 жылдық сыныбын аяқтаған.

2004-2006 жылдары Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжін «Заңгер» біліктілігін (үздік диплом) алып, 2006-2009 жылдары Қазақ-Қытай институтын «Тарих» бакалавры академиялық дәрежесі бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда Омбы гуманитарлық академиясының «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығының магистранты.

Білім алған жылдары институттың Қазақстан Студенттер Альянсына жетекшілік етті. Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының медициналық пунктердің сапасын жоғарылатуға орай «Жан саулығы-тән саулығы» және «Қалың қалай, студент?», «Студенттік омбудсмен» жобалары бойынша жұмыстар жүргізген.

2009 жылдың қараша айынан бастап, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімінің «Жыраулар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман болып қызмет атқаруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қолға алынған келелі істерін жастарға насихаттау, тарихи мұраларымызды күтімге алу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің және «Теміржол» БПҰ төрағасы, «Қармақшы Демеу» корпоративтік қорының директоры қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келеді.

Айдынбек Айтбайұлы қызметіне ынталы, қоғамдық-саяси және мәдени көпшілік жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жұмысына сүбелі үлес қосып, белсенділік танытып жүрген партия мүшесі. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі, аудандық «Жас ғалымдар кеңесінің» мүшесі, партияның облыстық, аудандық конференцияларының, «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ съезінің делегаты болып сайланған. Сайлауалды науқандарды ұйымдастыру және өткізуде белсенді жұмыстар жүргізді. «Партияның 50 тұлғасы» жобасына қатысушы, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің «БПҰ-ның партия жобаларын іске асырудағы рөлі», «Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі» тақырыптарындағы оқуды табысты аяқтаған. «Жастар кадрлық резерві» жобасының 2013, 2014 жылдардағы оқыту модульдерінің тыңдаушысы.

Айдынбек Айтбайұлы өз саласында жақсы жетістіктерге жетіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары үшін Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» париясының облыстық, аудандық филиалдарының және аудан әкімі мен басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі»  (Планета Мира) Халықаралық творчестволық бірлестігінің  «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталған.