Болдри Роберто – италиялық маман.

1946 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген. Алғашқы жұмыс бабын қара құрлықта 1972 жылы бастады. Мұнда ауыз суына тапшы болып отырған мемлекеттердің мәселесімен айналысты. Ауыз су программасымен Йеменде жұмыс жасады. 2004 те. Африкада 1972 жылы болды жұмыс. Кейін 2008 де істеді Африкада ауыз су программасымен істеді 1997 жылы БҰҰ бұйрығымен Қызылордаға келіп, «Арал экологиясының» мәселесімен айналысуға бел буды. Сол жылы Нартай Бекежанов атындағы драма театрда администратор болып қызмет етіп жүрген Алтын Қазыбекқызымен танысты. Қызылордада 1 жыл ішінде волонтерлық қызмет атқарып, Алтын апайымызбен қарым қатынасы күннен күнге жақындасқан сайын, тұрмыс құруды ойға алды. Отбасын құрғаннан кейін, Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласына көшіп барды. 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ – ның өкілі болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап, Евросоюзға жұмысқа орналасып, КАФИС программасы бойынша Алматыдағы технология университетінде жұмыс жасады. Содан кейін ОБСЕ – де, яғни 2005 жылы президент сайланған жылы қызмет етіп бастады. Сол уақыттан бастап, ОБСЕ атынан президент сайлауының бақылаушы қызметкері болса, кейінірек Қарағандыда мәжіліс сайлауының да бақылаушысы, одан кейін Қызылордада да сол қызметті атқарып жүрді. Бақылаушы қызметкер ретінде ОБСЕ – де жақсы танылып, Югославия мемлекетіне жұмыс бойынша барып қайтты. Елге оралғаннан бастап, Қорғалжын заповеднигінде ауыз су программасымен ОБСЕ атынан келіп, 2 ай жұмыс істеді. Ал 2004 жылы ОБСЕ бұйрығымен Африка материгіне қайта барды. Ауыз суға сұранысы көп болып отырған Йеменге барып, аталған  күшін салды. Сонымен қатар, 2008 жылы да «Ауыз су» проблемасы бойынша Африкаға қайта барды. Қазіргі таңда Алматы қаласында бір шаңырақ астында Алтын Қазыбекқызымен тұрып 4 өкіл баланың ата – анасы ретінде марқайып отыр. Дегенмен, 2 ұл 2 қызды қол астыларына алып, барлықтарынның бойларына шетелдік біліммен толықтыруда.