Саболинова Айгуль Аликқызы - Алматы облысының Қаратал ауданы Үштөбе қаласында Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Мен Саболинова Айгүл Аликқызы алдыма қойған мақсатым: оқу мен оқытуда жаңартылған білім беру бағдарламасын пайдалана отырып, оқу мақсаттарына қол  жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсініп, оны қолдана біліп, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамытып, жеке тұлға қалыптастыру.

Міндетім:

- Жаңартылған оқу бағдарламасының педагогикалық тәсілдерін  сабақта тиімді пайдалану;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Білім беру саласында білім алушыларыма сапалы білім беріп, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.

2016 жыл қыркүйек айында Жаңартылған бағдарлама бойынша аудандық, облыстық семинарда "Қажетті заттар", "Қазақстанда жасалған" дүниетану пәні бойынша сабақ көрсетіп, тәжірибе бөлістім.

Айгүл Саболинованың білім саласында жеткен жетістіктері:

2017 жылы сәуір айында аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017»  Бас жүлде
2017 жылы сәуір айында аудандық семинар «Жаңартылған білім беру бағдарламасын бойынша»
2017 жылы мамыр айында облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017», ІІ орын
2017 жылы «Ғажайып математика» атты қолданбалы курс бағдарламасы. Авторлық бағдарлама 
2017 жылы "Педагогтермен  ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі" тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысып сертификатталды. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017» облыстық байқауы, ІІ орын