Айымкүл Бердібаева – еліміздің демографиясының өсуіне үлес қосқан «алтын құрсақты» аналардың бірі.

Айымкүл Бердібаева 1942 жылы 17 тамызда ОҚО Қаратас ауданы Қызылқия ауылында дүниеге келген. 1962 жылы ОҚО Сарыағаш ауданы Ақжар ауылы тұрғыны Ералхан Захановқа тұрмысқа шығып, он бала тәрбиелеген ақ жаулықты ана. Ұзақ жылдар бойы Тельман колхозында мал баққан шопан. 1975 жылы жоғарғы президумның қаулысымен «Ана даңқы» орденімен марапатталған. Ал, 1984 жылы Айымкүл анамызға он құрсақ көтергені үшін «Батыр Ана» ордені табысталды.