Танатов Аймұрат Базаржанұлы 1985 жылдың 7 шілдесінде Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2004 жылы Маңғыстау өнер колледжін, 2012 жылы ҚазҰПУ көркемсурет, графика факультетін бітірген.

2008 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі болған. Арт «Өнер» галереясында суретші, безендіруші, ұйымдастырушы қызметін атқарады.

Қызметтік жолында  көптеген алғыс хаттар мен жүлделі орындарға ие болған:                                                         
2013 жылы «Оңтүстік өрістері» симпозиумы;
2014 жылы «Көкжиек» атты симпозиумы;
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ,Форт-Шевченко  қаласының 170 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық суретшілер байқауы  3-орын иеленген.


Негізгі жұмыстары: «Базар» (101х76, к.м.б., 2007), «Таңертең» (90х60, к.м.б., 2007), «Талас» (91х70, к.м.б., 2008), «Жалғыз» (103х78, к.м.б., 2007) , «Соқыртеке» (101х76, к.м.б., 2007).