Айна Сәденова – педагог

Айна Жаңабергенқызы жоғары санатты, шығармашыл, ізденімпаз, жаңашыл мұғалім. Бірнеше ғылыми-әдістемелік және әртүрлі тақырыптағы мақалалардың авторы.

2005 жылдан бастап Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді. 2004 жылдан бастап «Қазақтан тарихы» әдістемелік журналының редакторы. «Алматытану», «Қазақ шежіресі» атты бағдарламаларының авторы. 2009-2015 жж әртүрлі республикалық, халықаралық, ғылыми конференцияларда баяндама жасады. Сәденова Айна «Қоғамдық пәндер сабақтарында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мұғалімнің қолданып жүрген қазіргі педагогикалық технологиясы «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» деп аталады.