Айнұр Мұқсанова – білім саласының үздігі.

Айнұр Төрешқызы білім саласында айтулы жұмыстар атқарып, өскелең ұрпақтың үш тілді меңгеріп, заман талабына сай білім алуына ықпал етіп жатқан дарынды ұстаз, білгір кәсіпкер. Ол  2014 жылы «Ғылыми зерттеулер әлемі» атты республикалық ғылыми басылымға  «Балалардың денсаулығын сақтай отырып оқыту технологияларын дамыту» тақырыбында зерттеу жұмыстары жарық көрді.

Сол секілді «Дискурс художественного текста: русский Эзоп» тақырыбындағы Батыс Қазақстан аймағының Орал қаласында М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің ұйымдастырылуымен өткен ғылыми - практикалық конференциясына қатысып, «Знакомство детей с дедушкой Крыловым»» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары ғылыми –практикалық конференцияның жинақ материалдарына енді (2014); 2013 жылы 45minut.KZ сайтының  «Ұстаздар шығармашылығының топтамасы» І  бөлім жинағына «Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері» атты баяндамасы жарық көрсе, 2014 жылы «Оқушылардың денсаулығын сақтай отырып оқыту, денсаулық сақтау технологияларын сабақта тиімді пайдалану» тақырыбы бойынша республикалық зерттеуші ғылыми білім беру орталығы өткізген «Үздік педагог –зерттеуші» ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсының бірінші дәрежелі жеңімпазы атанды.

Айнұрдың өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қалыптастыру жолында, білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтарына қарамай, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде елеулі үлес қосып келеді.

Ол Қазақстан Республикасының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша үш деңгейлік курстан өтіп мемлекетімізде білім саласын дамыту  және білім сапасын нығайту үшін «Педагогикалық шеберлік орталығын» ашу идеясын ұсынып, қазіргі таңда Республикамызда Президент бағдарламасын дамыту және нығайту үшін ең алғашқы болып,  өзі дәріс беретін Атырау облысы Қызылқоға ауданының Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінен  «Педагогикалық шеберлікті дамыту» орталығын ашты. Бұл орталық барлық мұғалімдер үшін атқаратын қызметі зор, өйткені  қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

Сондай-ақ, Айнұр Төрешқызы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын дамыту, Елбасы идеясын іске асыруын қолдап «Ұш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа бизнес-жоба ұсынып, аудан басында «Шапағат» оқу орталығын ашып, қазіргі таңда жергілікті мемлекет қызметкерлеріне, оқушыларға ағылшын тілі үйрету, орыс тілін меңгеру және қазақ тілін дамытуға зор үлесін қосып, білім саласына  қызмет етіп, отырған заман талабына сай кәсіпкерлікті де меңгерген, алдыңғы қатарлы мүғалім және кәсіпкер-әйел. Сол үшін де Айнұр Төрешқызын 100 жаңа есімнің қатарынан көргіміз келеді.