Айнұр Сармантаева – педагог

Айнұр Сармантаева бүгінде Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы»  басшысының орынбасары. Ол өз қызметінде зор беделге ие. Қызметтен бөлек қоғам өміріне араласып, аз қамтылған отбасыларға қолдау керсетіп келеді. 

Ол 1977 жылы 26 тамызда Қостанай облысы Жангельдин ауданында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институтының «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы мұғалім.

Айнұр Сармантаева облыста және республикада танымал жоғары білікті мамандардың бірі. Ол оқыту жүйесін ұйымдастыру әдісін жақсы меңгерген. Үнемі шағармашылық ізденісте жүреді.  Оқу-ісі жөніндегі жетекшінің орынбасары ретінде  оқытушыларды, өндірістік оқытуды және кәсіби тәжірибені тиісті деңгейде ұйымдастыра білді. Көпшілікпен тез тіл табысып, өзін жан-жақты белсенді етіп көрсете білді. Сауатты әрі терең білімімен ұжымда сыйлы.

Айнұр Сармантаева 2015 жылы республикалық «Тіл мерейі» байқауында «Гран При» иегері атанып, Тұңғыш Президент күніне орай адал еңбегі үшін марапатталған. Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің алғыс хатын иеленген.