Ақан  Жылқышыбайұлы Абдуалиев саналы ғұмырын өнер саласына арнаған азамат. Ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздық қызметтер атқарып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгеруші қызметін атқарды.
2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары. 2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры қызметін атқарды.
2015- 2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1-ші маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2003 жылы «Ағама сыр» лирикалық өлеңдер жинағы, 2004 жылы «Ғасырлар үні», 2008 жылы «Жетісу ақындарының жыр сарындары» атты ноталық үлгімен ғылыми зарттеулерінің авторы.
2004 жылы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» диск альбомы жарық көрді. «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «50 Батырлар дастаны» т.б. антологиялық дисклер жинағы редақция алқасының мүшесі.
Қазақтың ән, жыр, күй, терме-толғауларын насихаттау барысында «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Алтыбақан» «Жетісаз» «Ауылдың алты ауызы» т.с.с хабарларға қатысты. «Қазақтың 100 әні», «Телқоңыр» музыкалы танымдық хабарларының жүргізушісі әрі авторы. Сонымен қатар «Інжу маржан», «Мәңгілік сарын», «Астана арқау» дәстүрлі музыка фестивалдарының ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі.