Акбар Елубай – еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы.

2008 жылдан бастап еркін күреспен айналысқан. 2009 жылы Б. Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатына қабылданып, 2010 жылдан бастап жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Азия және Әлем біріншіліктеріне қатысты. 2012 жылы  Сабыр Рахымов атындағы турнирге қатысып, спорт шебері атағын қорғады. 2013 жылы жастар арасында Қазақстан Республкасының чемпионатын жеңіп, 2014 жылы жастар арасында Монғолия мемлекетінде өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2015 жылдан бастап ересектер арасына өтіп, Қырғызстан мемлекетінде 53-ші рет өткен Кабаулуу Кожамкул атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.