Ақберен Елгезек – өлеңді рухпен жазатын, талантты ақын. 

Ақберен Елгезек 1980 жылы 24 қаңтар күні дүниеге келген. Ақберен Елгезек Тәуелсіз қазақ поэзиясына тың жаңалық, бөлек өрнек, өз қолтаңбасын алып келген талантты ақын. Егемен еліміздің руxаниятына өз үлесін қосып жүрген азамат. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Қазақстан жастар Одағының «Серпер» және «Алтын қалам» ұлттық сыйлықтарының иегері. Көптеген республикалық мүшәйралардың жүлдегері. «Көлеңкелер күбірі», «Ғаршы», «Шексіздік сыртындағы шам» атты жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері орыс, қырғыз, әзербайжан және испан тілдеріне аударылып, көптеген антологияларға енген. Ақберен Елгезектің шығармашылығы жөнінде ақын Т.Әбдікәкімұлы, жазушы, киносценарист Т. Әсемқұлов, ақын, көрнекті мәдениеттанушы Ә.Қодар, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Садырбаев, жазушы, А. Кемелбай, ақын Д.Мәлік, әдебиеттанушы Ә.Әліәкбар секілді қаламгерлер көлемді мақалалар жазып, бірқатар магистрлік диссертациялар қорғалды.