Ақерке Тәжібаева – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті

Ақерке Жұмадуллақызы жезтаңдай әнші, білікті ұстаз, қазақтың дәстүрлі көне аспаптарының бірі – қылқобыз шалу шеберлігін меңгерген жастардың бірі. Ол 2008 жылы Германияда, Кореяда, Қытайда концерт беріп, ыстық ықыластарына бөленген жас талант. Қобызға арналған «Көктем» атты күйлер жинағының авторы.

Ол 1987 жылдың 5-наурызында Оңтүстік қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 2005 жылы  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының магистратурасына түсіп, 2011 жылы өнертану академиялық магистр дәрежесін алады.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында бірнеше жылдар бойы дәріс беріп, ұстаздық қызметтен бастаған. Қазіргі таңда Астана қаласында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті. Ақерке Жұмадуллақызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры грантының иегері, Республикалық «Құрманғазы», «Тәттімбет», «Ықылас», «Асыл мұра» конкурстарының, XXV-ші Республикалық орындаушылар конкурсының лауреаты атанған. Халықаралық «Dede Korkut», «Altyn Safran», «Uluslararasi Sivas asiklar» фестивалінің, «14. Uluslararasi, Altin saz odulu Karacaoglan asiklar» фестивальдерінің лауреаты.