Ақыл Сәдуақасова 1950 жылы 7 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қарағанды кооперативтік институтын, «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы былай өрбіген: 1969-1977 жылдары Арал аудандық тұтыну одағында кадр бөлімі инспекторы, тауар танушы, 1977-1981 жылдары қалалық тұтыну қоғамы басқармасының орынбасары, 1981-1985 жылдарда Авань балықшылар тұтыну қоғамы басқарма төрайымы, 1985-1996 жылдары қоғамдық тамақтандыру мекемесінің директоры. 1996 жылдан осы күнге дейін аудандық тұтыну одағы басқармасының төрайымы және «Дархан» ЖШС-нің директоры. 
2002 жылдан бастап аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы. Жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек беріп тұрады