Ақмарал Толеутайқызы  ақ халатты абзал жан

«Бірінші байлық – денсаулық» демекші, аудан тұрғындарының саналы да, жарқын өмір сүруі үшін маңдай терін төгіп жүрген білікті дәрігер. 

Нұрмағанбетова Ақмарал 1976 жылы дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Қарқаралы ауданында фтизиатр маманы ретінде бастады. 

Тәжірибелі маман ретінде 2005 жыл мен 2009 жылдар аралығында Қарқаралы ауданында туберкулезге қарсы диспансерде кәсіподақ ұйымының төрайымы лауазымын атқарды. Еңбек жолының қарбаластығына қарамастан дәрігер ханым отбасылық дәрігер мамандығын игеріп, Қарағанды медициналық университеті базасында терапиялық участікте терапевт маманы ретінде қызмет жасады. Ал, 2010-2017 жылдар аралығында Қарқаралы ауданының аудандық фтизиатр маманы қызметінде, облыстық туберкулезге  қарсы  диспансерге  қарасты  Қарқаралы аудандық  ауруханада  аудит  дәрігері болып қосымша жұмыс  жасады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ,Ақмарал Нұрмағанбетова, дәрігерлік мамандықтың жілік майын шаққан білікті маман.